Тимур Сүлейменов S&P агенттігімен Қазақстан экономикасына шолу жүргізу жайын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Standard&Poor's» халықаралық рейтинг агенттігі өкілдерімен кездесуі барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық салаларындағы, бюджеттік және құрылымдық саясатындағы және қаржылық жүйесіндегі ағымдағы жағдай жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тимур Сүлейменов S&P агенттігімен Қазақстан экономикасына шолу жүргізу жайын талқылады

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесуге қатысушылар Қазақстанның экономикалық жағдайына шолу жүргізу және тәуелсіз кредиттік рейтингін бағалау мәселелерін талқыға салған.

Standard & Poor's (S&P, толық атауы - Standard & Poor's Financial Services LLC) - қаржы нарығына сараптамалық зерттеулер жасаумен айналысатын  америкалық McGraw-Hill корпорациясының еншілес компаниясы саналады. Компания ең ықпалды халықаралық рейтинг агенттіктерінің үштігіне кіреді және америкалық S&P 500 қор индексін құрушы әрі редакторы ретінде де танымал.

Standard & Poor's  халықаралық рейтинг агенттігі ретінде эмитенттермен қатар жекелеген қарыз міндеттемелері бойынша да қысқа және ұзақ мерімді кредиттік рейтингтер берумен айналысады.