Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тынық мұхитында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Тынық мұхитындағы Вануату арал мемлекетінің жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар мен қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ, деп жазды Anadolu агенттігі.

Тынық мұхитында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: hurriyet.com.tr

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Порт-Олри ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпуі 188 шақырым тереңдікте тіркелді.

Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар немесе қираулар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Бұған дейін Индонезия жағалауында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болған еді.

Кейін Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 47 адамға жеткені хабарланды.