09:07, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Тіркеусіз діни уағыз тарату - заңсыз әрекет
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз прокуратурасы мен Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесе отырып,

Ақкөл ауылдық округінде жеке тіркеусіз миссионерлік қызметпен айналысу, ҚР азаматтарына діни уағыз тарату фактісін әшкереледі, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Өздерін «Таблиги Жамағаттың» өкілі санайтын, Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Абдуллах ибн Масхуда атындағы медресенің оқушылары - діни уағыз таратушылар қолға түсті.
Тергеу амалдары олардың бірінің Жамбыл облысы Қордай қаласынан келген кәмелеттік жасқа толмаған азамат екенін анықтады. Қалған үш насихатшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.