09:05, 25 Қазан 2015 | GMT +5
«Титаник» кемесі соғылған мұзтаудың фотосы аукционда қымбатқа сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиядағы Уилтшир аукционында «Титаник» кемесі соғылған мұзтаудың фотосы 21 мың фунт серлингке (9 млн теңгеден астам) сатылды, деп хабарлады Sky News телеканалы.

Ұйымдастырушылар бұл сурет Титаник соғылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң сол тұстан жүзіп өткен «Принц Адальберт» кемесінде түсірілгенін айтты. Еске сала кетейік, «Титаник» кемесі 1912 жылы Атлант мұхитында 15 сәуір күні мұзтауға соғылып, апатқа ұшыраған.