«Титаник» жұлдызы Ди Каприо гаитиліктерге миллион доллар сыйлады
АСТАНА. Қаңтардың 22-і. ҚазАқпарат - Американдық актер Леонардно Ди Каприо Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендерге 1 миллион АҚШ долларын сыйға тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл қаражат АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасы бойынша ұйымдастырылған қорға түсті. Билл Клинтонмен бірге Қордың үйлестірушісі болып табылатын АҚШ-тың экс-президенті кіші Джордж Буш актердің әрекетін ізгілік және жомарттық деп атады.