ТМД байқаушылар миссиясы штабы жұмысына кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД байқаушылар миссиясы штабы кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жұмысына кірісті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездескен аталған штабтың жетекшісі Евгений Слобода айтты.
None
None

Айта кетерлігі, кездесу барысында Қ.Тұрғанқұлов Е.Слободаны Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі жұмыспен таныстырды. Өз кезегінде ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісі сайлауды байқауға қатысуға шақыру үшін ризашылығын білдіріп, ТМД кеңістігі мен одан тысқары сайлауды байқауда қомақты тәжірибесі бар миссия байқаушыларының көпшілігі әділдік және алаламаушылық қағидаттарын бұрын да басшылыққа алғанын, қазір де басшылыққа алатынын атап өтті. «ТМД-дан миссия штабы жұмысқа кірісті. Біз өзіміздің өкілдерімізді республиканың барлық өңірлеріне жіберуге ниеттіміз. Біздің жоспарымызда сайлауға қатысушы кандидаттардың өкілдерімен кездесулер өткізу бар. Біздің барлық іс-шараларымыз баспасөз хабарламаларында көрсетілетін болады. Миссияның негізгі міндеті - демократиялық сайлауды өткізуге жәрдемдесу және біз халықаралық байқаудың жалпыға танымал нормаларының аясында жұмыс жасауға ниеттіміз», - деді ол. Кездесу соңында ҚР ОСК төрағасы Қ.Тұрғанққұлов ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісіне оның 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген ҚР Президентінің сайлауын халықаралық байқаушы ретінде аккредиттелгені туралы куәлік тапсырды.

Соңғы жаңалықтар