ТМД байқаушылары миссиясының құрамына 301 адам кіріп отыр - О. Кулеба

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанын қадағалауға келген ТМД байқаушылары миссиясының құрамына 301 адам кіріп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР ОСК брифингінде ТМД атынан келген байқаушылар штабы басшысының орынбасары Олег Кулеба мәлім етті.

«Кеше шетел байқаушыларын аккредиттеу мерзімі аяқталды. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанын қадағалауға келген ТМД байқаушылары миссиясының құрамына 301 адам кіріп отыр. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдері бар. Сонымен қатар ТМД мүше-мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан, ҰҚШҰ парламентаралық ассамблеясынан, Ресей және Беларусь одағының парламентаралық ассамблеясы мен ТМД-нің Атқарушылық комитетінен келді», - деді О. Кулеба.

Осылайша, оның сөзі бойынша, ТМД байқаушылары миссиясы Достастық елдерінің саяси және қоғамдық күштерінің толық қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар