ТМД елдері ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтап жатыр - Әлихан Смайылов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД аясындағы терең серіктестік бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты оң бағалаймыз. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының кезекті кеңесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТМД елдері ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтап жатыр - Әлихан Смайылов

«Біз барлық мемлекеттің ұлттық мүдделеріне жауап беретін ТМД аясындағы терең серіктестік бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты оң бағалаймыз. Қазіргі қиын жағдайда Достастықтың бір орында тұрмайтыны, ынтымақтастығымыздың жаңа бағыттарын пысықтау жүріп жатқаны қуантады», - деді Ә. Смайылов.

Осы орайда ҚР Үкімет басшысы ТМД елдерінен келген әріптестерінің бірлескен табысты жұмыстарына алғыс айтты.

«Сонымен қатар ТМД Атқару комитетіне Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде іс-шараларды ұйымдастыруда тиімді үйлестіргені үшін алғыс айтқым келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық әріптестерімнің атынан Сергей Николаевич Лебедевті алдағы үш жылдық кезеңге ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтағым келеді», - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада ТМД Үкімет басшыларының кеңесі басталды.