12:30, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
ТМД елдеріндегі жастар жылына орай шаралар Батыс Қазақстан облысында да ұйымдастырылмақ
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ТМД елдеріндегі жастар жылына орайластырылған шаралар Батыс Қазақстан облысында да ұйымдастырылмақ.
Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы мен БҚО жастар қауымдастығы ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында баян етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірдегі жастар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысқан жиында елімізде «Жыл студенті-2009», «Денсаулық ? басты байлық» сынды жиырмадан астам шаралар өткізу жоспарланғаны айтылды. БҚО-да негізгі шаралар облыс орталығы мен Ресей губернияларымен шекаралас Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарында ұйымдастырылмақ. Мысалы, Бөкей ордасында «Ескерткіштер сыр шертеді» атты тарихи шараға көршілес Волгоград облысының жастары да қатысады.