ТМД елдерінің арасында өнеркәсіптік өндірісі ең аз төмендеген ел - Қазақстан
2009 жылдың қаңтар-қазан айындағы көрсеткіштерді қамтыған бұл статистика бойынша, өнеркәсіптік өндірістің ең қатты құлдырауы Украинада тіркелген, ондағы көрсеткіш 26,4 пайызды құрап отыр. Ал Молдовада бұл көрсеткіш - 24,1, ал Қырғызстанда -13,9 пайыз. Ресейдің көрсеткіші 13,3 пайыз шамасында.
Өткен10 айдың қорытындысы бойынша Арменияда өнеркәсіптік өндіріс - 11,4 пайызға, Тәжікстанда - 8,6 пайызға, Беларус Республикасында 4,5 пайызға төмендеген. Ал Әзірбайжанда өнеркәсіптік өндіріс 7,4 пайызға өскен. Қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанның көрсеткіші 9,1 пайызды құраған (қаңтар-қазан айларының мәліметтері әзірге жоқ).
Қаңтар-қазан айларындағы жалпы ішкі өнімдері есептелген ТМД елдерінің арасында Әзірбайжан ең жоғары көрсеткіш - 8,3 пайызға қол жеткізіп отыр. Қырғызстанда қаңтар-қазан айларында жалпы ішкі өнім - 3,2 пайызға, Тәжікстанда 2,9 пайызға өскен. Ал Арменияда осы аралықта жалпы ішкі өнім - 17,5 пайызға, Ресейде - 9,6 пайызға, Беларус елінде 1,0 пайызға төмендеп отыр.