ТМД ғылыми зиялы қауым өкілдерінің форумы бейбітшілік құндылықтарын насихаттауға үлес қосуда - Елбасы (ФОТО)

өкілдерінің оныншы форумында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. «Бұл форум жалпы құндылықтар мен мәдениеттер диалогын алға жылжытуға арналған. Диалог, ақпарат алмасу, рухани құндылықтармен танысу - түрлі мәдениеттер мен халықтар арасында жақсындасу мен өзара іс-қимыл үшін маңызды жағдай болып табылады»,-деп атап өтілген Елбасы сөзінде.
ҚР Президенті ТМД елдері бай мәдени мұраға, бірегей рухани және материалдық құндылықтарға ие екенін, елдердегі осы құндылықтар әлемдік өркениетке елеулі үлес қосып отырғандығын атап өткен.
«Біздің мақсат диалог арқылы халықтардың жақындасуын жалғастыру мен болашақта бірлескен гуманитарлық жобаларды ары қарай жүзеге асыруда тұр. Бұл форум ТМД кеңістігінде бейбітшілік құндылықтары мен тату көршілікті алға жылжытуға өзіндік үлес қосатынына сенімдімін. Форумның барша қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, конструктивті диалог пен алға қойылған мақсаттарға жетуді тілеймін»,-деп түйді Мемлекет басшысы.