ТМРА жылу энергиясының құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады

Бұл туралы ТМРА баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылыту кезеңінде ауаның нақты сыртқы температурасы неғұрлым жоғары болуы нәтижесінде жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға республиканың 14 өңірінде 907,3 млн теңгеден асатын сомада қайта есептеу жүргізілді. Бұл ретте бүгінгі күні өткен жылыту кезеңінде берілген шоттарды түзету арқылы тұтынушыларға шамамен 695 млн.теңге қайтарылды.
Сөйтіп жүргізілген қайта есептеуге сәйкес Астана қаласында тұрмыстық тұтынушыларға 305,465 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылуға тиіс; Алматы қаласында 15,725 млн. теңге сомасында; Алматы облысында 15,557 млн. теңге сомасында; Ақмола облысында 22,263 млн. теңге сомасында; Атырау облысында 8,887 млн. теңге сомасында; Ақтөбе облысында 6,041 млн. теңге сомасында; Жамбыл облысында 2,015 млн. теңге сомасында; Батыс Қазақстан облысында 386 мың теңге сомасында; Қарағанды облысында 137,308 млн. теңге сомасында; Қостанай облысында 75,304 млн. теңге сомасында; Солтүстік Қазақстан облысында 3,806 млн. теңге сомасында; Павлодар облысында 105,433 млн. теңге сомасында қаражат қайтарылады.
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жылыту үшін алынған төлемақыға қарағанда, неғұрлым суық климат жағдайлары болды. Мысалы, 2011-2012 жж. жылыту кезеңінде метеорологиялық қызметтердің деректері бойынша Шымкент қаласында ауаның орташа сыртқы температурасы ҚР құрылыс нормаларында көзделген 1,4°С жылылыққа қарағанда, 0,77°С суық болды. Осыған байланысты қаражат қайта есептелініп қайтарылмайды.
Тұтынушыларға жылытылатын алаңның 1 шаршы метрі үшін қайтару сомасы 0,24-тен 63,85 теңге/м2 дейін өзгеріледі. Бұл ретте алаңы 80 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер үшін қайтарылатын ақшалай қаражат сомасы 18,8 теңгеден 5108 теңгеге дейін құрайды.