ТМҰ-ға мүше елдер электронды құжаттарды өзара тану жұмыстарын бірлесе жүргізген жөн – Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық қолтаңбаға қатысты ұсыныс айтты. 

ТМҰ-ға мүше елдер электронды құжаттарды өзара тану жұмыстарын бірлесе жүргізген жөн – Тоқаев
Фото: freepik.com

– Сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электронды құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Саммитке ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді. 

Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған жиын Қазақстанның төрағалығымен ұйымдастырылып отыр.