«Тобыл» Конференция лигасы плей-офф кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Тобыл» (Қостанай)UEFA Конференция лигасы плей-офф кезеңінде Испанияның «Хетафе» командасымен ойнауы мүмкін.
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Онда қостанайлық клубтың ықтимал қарсыласы ретінде Испанияның «Хетафе» командасы белгілі болды.
Алғашқы ойын 20 тамызда Испанияда өткізілсе, қарымта кездесу 27 тамызда Қостанайда болуы мүмкін.
Оған дейін қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» командасымен жасыл алаңға шығады. Олар екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден — 3:2) клубын қапы қалдырған еді.
Сондай-ақ жеребе тарту рәсімінде UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайраттың» ықтимал қарсыласы анықталды. Қазақстандық команда UEFA Чемпиондар лигасы лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» (София) клубымен шеберлік байқасады. Бұл кезеңдегі ойындар 4 және 11 тамызда болады.
Үшінші іріктеу кезеңінен өткен жағдайда алматылық команда плей-офф кезеңінде Грекияның АЕК клубымен кездесуі мүмкін. Бұл ойындар 18-19, 25-26 тамыз күндеріне белгіленген.
Алматылық ұжым аталған қарсыласынан жеңілген жағдайда Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік алады. Онда олар ПАОК (Грекия) — «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.