15:01, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
«Тобыл» ӘКК ауыл бизнесмендеріне көмектеседі
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) облыстағы ауыл шаруашылығы бизнесіне маркетингтік зерттеу жүргізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Инвестицияларды тарту департаментінің директоры Алексей Репиннің түсіндіруінше, Солтүстік Қазақстан халқының басым бөлігі өсімдік өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Бұл орайда көптеген кәсіпкерлер дағды бойынша бұл бизнеске бұрынғыша: алдын-ала есептеме жасамай, нарықтағы жағдайды зерделемей және талдау жасамай барады. Сондықтан, «Тобыл» ӘКК аймақтың экономикалық өсуі туралы қамқорлық таныта отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек ретінде өз есебінен маркетингтік зерттеулер жүргізді.Зерттеуге барлығы мынадай бағыттар қамтылды: құс фабрикасы мен тауарлы сүт фермаларын салу, ірі қара мал үшін бордақылау алаңдарын тұрғызу және құшхана пункттерінің желілерін құру, ет өңдеу, жылыжай, көкөніс қоймаларын салу, жеміс-жидек дақылдарын өндіру, ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізіп беру және құрастыру бойынша қызмет көрсету орталықтарын құру кешендерінің құрылыстары бойынша жобаларды іске асыру қамтылған.Жұмыстардың қорытындыларымен барлық талап білдірушілер корпорацияның www.spk-tobol.kz. сайтында таныса алады.