18:33, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
«Тобыл» ӘКК-де - жаңа төраға
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін «Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында жаңа төраға Арман Әлиев сайланды. Ол бұған дейін бұрынғы төраға Марат Толыбаевтың бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
Белгілі болғандай, қазір елдегі барлық ӘКК-де - жаңа акционерлер (облыс әкімдіктері). «Тобылдың» акционерлері Солтүстік Қазақстан мен Қостанай аймағының өкімет орындары. Бүгін баспасөз мәслихатында ӘКК бұрынғы төрағасы М.Толыбаев елордада қызметін жалғастыратынын айтты. Ол сондай-ақ «ӘКК институттарының әкімдіктермен жақындасу» идеясын құптады. Бұл жағдайда жаңа өндірістер мен кәсіпорындардың пайда болуымен байланысты рұқсат беру сияқты маңызды мәселелерді және басқа да проблемаларды шешу шапшаңдап, жеңілдей түспек.