20:14, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
«Тобыл» ӘКК шағын бизнес үшін арнайы зерттеу жүргізді
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қостанайда шағын бизнес үшін маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін ұсынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Корпорация инвестицияларын тарту департаментінің директоры Алексей Репиннің ақпараты бойынша «Тобыл» ӘКК түрлі консалтингтік компанияларға маркетингтік зерттеулер жүргізуге тапсырыс берді. Осы жұмыстардың мақсаты ? шағын бизнес өкілдерінің дамуына қолдау көрсету. Терең зерттеулер сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру қызметтерін көрсету, тұрмыстық қызмет және т.б. он бағыт бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің толық топтамасы «Тобыл» ӘКК ресми сайтында жарияланатын болады.