12:39, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Тобыл өзені арқылы өтетін көпір жыл соңына дейін жөнделіп бітеді - А.Мұхамбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін көпір жыл соңына дейін жөнделіп бітеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

«Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмысы - күн тәртібіндегі күрделі мәселе. Көпір Қостанай қаласының Таран көшесімен Тобыл өзені арқылы өтетіндей жөнделіп жатыр. Бұл - қаламызды басқа өңірлермен жалғайтын көпір. Оны жөндеу жұмыстары 3,2 млрд теңгені құрайды. Жыл соңына дейін көпірді пайдалануға береміз. Бұл стратегиялық нысан», - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, Қостанай облысындағы жолдар республика бойынша ең ұзын жолдардың бірі. Облыс аумағындағы жолдардың ұзындығы - 9,5 мың шақырым. Осы жолдардың 85 пайызы - жергілікті маңызда.