Тоғыз айдың ішінде 349 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды - Ақмола облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың басынан бастап Ақмола облысы Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған адамдарға қатысты 349 әкімшілік іс қарады.
None
None

Сот, аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзғандығын анықтады. Олар іс-әрекеттерімен жол қозғалысына айтарлықтай тұлғалар қауіп төндірді.

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен барлық 349 құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 3 жылдан 6 жылға дейін мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылды, деп хабарлайды. Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар