Анталия форумы: Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

АНТАЛИЯ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Тоқаев
Фото: Ақорда

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.

Модераторы — Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.

Осыған дейін Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы Анталиядағы басқосудың басты мақсатын саралап көрді.