Тоқаев балалар арасындағы суицид жағдайларына алаңдаушылық білдірді

«Балалар мен жасөспірімдер ортасындағы суицид жағдайлары – бәріміз үшін қасірет. «Балалар неге ондай қадамға барады» деген сұрақ бойынша бәріміз ойлануымыз керек. Өмірлік нақты нұсқамаларды қалыптастыру – айналып келгенде тәрбие беру процесі сапасының түпкі талабы болуы тиіс», - деді Президент Тамыз конференциясында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біздің ортақ мақсатымыз – оптимистердің жаңа буынын тәрбиелеу екенін атап өтті.
«Жас буынның жігері өткір, өмірлік қиындықтарға бекем болуы тиіс. Басқаша болмауы керек», - деді Президент.
Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.
Жиында Мемлекет басшысы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетіндігін мәлім етті.