Тоқаев қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың twitter парақшасына сілтеме жасап.

Тоқаев қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды

«Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты. Биыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.