Тоқаев Корей Президентінің Қазақстанға сапарын тарихи оқиға деп бағалады

Президент
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынас тың серпінмен әрі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Ақордада елімізге үшкүндік мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бұл – сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарыңыз. Мұны тарихи оқиға деп бағалаймыз. Біз Оңтүстік Кореяның экономикалық жетістіктеріне және корей халқының мәдениеті мен дәстүріне ерекше қызығушылықпен қараймыз. Қазіргі таңда елдеріміз арасындағы қарым-қатынас тың серпінмен әрі қарқынды дамып келеді деп нық сеніммен айтуға болады. Біз өзара қарым-қатынаста ұлттық мүдделерімізді құрметтейміз. Соның арқасында ынтымақтастықтың тиімді үлгісін қалыптастырдық. Бүгін қол қойылатын бірқатар құжат пен бірлескен мәлімдеме соның айқын дәлелі. Бүгінгі келіссөздер қазақ-корей ықпалдастығының аясын кеңейтіп, екіжақты байланысты жаңа белеске көтереді деп сенемін. Бүгінгі оқиғаны мемлекеттеріміз арасындағы айрықша сенімді қарым-қатынастың белгілі ретінде бағалаймын», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Корей Президентінің сапары екі елдің достық пен өзара қолдауға негізделген серіктестігін нығайтудың жақсы мүмкіндігі екендігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар