Тоқаев Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл — оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, Таяу Шығыстағы орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін аймақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты, өзара сенімді нығайтуды көздейтін жаңа тәсілдер қажет.

Казахстан готов присоединиться к усилиям по стабилизации и восстановлению Газы
Фото: Ақорда

— Аталған ұстанымға арқа сүйей отырып, Қазақстан Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, біз аймақта және одан тысқары жерлерде прагматикалық экономикалық әрі гуманитарлық ынтымақтастыққа үлес қосамыз. Бұл Бейбітшілік кеңесінің ізгі мұратына толық сай келеді, — деді Президент.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Кеңестің жаһандық күн тәртібін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу арқылы бұл бастамаға нақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Тоқаев Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды
Фото: Ақорда

— Сонымен қатар Бейбітшілік кеңесі аясында Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл — оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін, — деді Мемлекет басшысы.

Осыдан бұрын Қазақстан 5 жыл ішінде 500-ден аса палестиналық студентке білім грантын бөлетінін жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум