Тоқаев Ясутоши Нишимураны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тоқаев Ясутоши Нишимураны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетелік Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдаған еді