Токио, Сингапур, Нью-Йорк: Қазақстаннан қай қалаларға әуе рейсі ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Дархан Катышев алдағы уақытта Қазақстаннан қай қалаларға әуе рейсі ашылатынын айтып берді.

әуе рейсі
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

– Қазіргі уақытта жаңа рейстер ай сайын ашылып жатыр. Мәселен, жазғы маусымда курорттық бағыттарға басымдық берілді. Жалпы 2025 жылы Мюнхен, Шанхай, Гуанджоу, Сиань, Ош қалаларына рейстер аштық. Жоспар бойынша, 2026-2027 жылдары Жапонияның Токио қаласына, Сингапурға, 2027-2028 жылдары АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына рейс ашу бойынша үлкен мақсаттар бар, – деді Дархан Катышев елордада «Орталық Азия + Қытай» авиация мәселелері жөніндегі ынтымақтастық жұмыс тобының конференциясында. 

Сонымен бірге, Президент тапсырмасымен 6 өңірде – Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Ақтау әуежайларын аэрохаб ретінде дамыту жұмыстары қолға алынған. Оның ішінде Алматы мен Астана әуежайларын шетелдік инвесторлар басқарып, дамытуға мол қаражат бөліп отыр. 

Айта кетейік, былтыр «Орталық Азия – Қытай» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жұмыс тобының алғашқы конференциясы Қытайдың Сиань қаласында өткен еді. Бүгін екінші конференция Қазақстан астанасында басталды

Соңғы жаңалықтар