Токиолықтар қала басшысына сенімсіздік білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда ел билігіндегі басқарушы либералдық-демократиялық партия Токио губернаторы Еити Масудзоэге сенімсіздік білдіретіні туралы қарарды қолдауы мүмкін, деп хабарлады ТАСС.

Жобаны қазіргі уақытта қалалық заң шығарушы кеңестің бірқатар мүшесі ұсынып отыр. Бұл туралы жексенбіде жапониялық телеарнада ЛДП ардагері, елдің бұрынғы Білім министрі Хакубун Симомура білдірді.
Айта кетейік, Токио губернаторы саяси қорындағы қаражатты бірнеше рет жеке қажетіне жаратқаны үшін сынға қалған. Бұған дейін Масудзоэнің өзі қонақүйлер мен мейрамханалардағы кешкі асқа 455 мың иен (4,1 мың долларға жуық) жұмсағанын мойындаған болатын. Бірақ оның бәрі ол 2014 жылғы ақпанға дейін, яғни қала басшылығына келгенге дейін болғанын мойындаған болатын. Ол бұл қаражатты қайтаруға уәде беріп отыр. Осыған байланысты, бұл жанжалға бола өз қызметінен кеткісі келмейтінін де мәлімдеді.
Сонымен қатар, оны айыптаушылар астанадан 10 шақырым жердегі Югаварада орналасқан үйіне жиі қатынауына да қарсы шықты. Қала тұрғындары атынан мәлімдеме жасаушылар ол үйіне барып келуге қызметтік көлігін пайдаланады деп сын тақты.
67 жастағы Еити Масудзоэ - Жапонияда белгілі саясаткер, халықаралық қатынастар маманы.

Соңғы жаңалықтар
telegram