Тоқтар Әубәкіров суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Тоқтар Әубәкіров суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды.

Оралда бес жасар бала суға батып кете жаздады
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 мамыр күні сағат 17.00 шамасында «Ақжол» демалыс орталығында болды.

Қызметтен тыс, сенбі күні отбасымен демалыс орнында болған Тоқтар Әубәкіров ата-анасының қарауынсыз қалған баланың суға тұншығып, батып бара жатқанын көріп, жедел әрекет еткен.

— Соның нәтижесінде 2019 жылғы бүлдіршін аман қалды. Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин Т.Әубәкіровті алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жаңадан бес жағажай ашу көзделіп отырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар