Толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Сахара шөлінің бір бөлігін су басты

АСТАНА. KAZINFORM – Толассыз жауған нөсер жауыннан Сахара шөлінің бір бөлігін су басқан, деп хабарлайды Associated Press. 

Толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Сахара шөлінің бір бөлігін су басты
Фото: видеодан алынған скрин

Марокко үкіметінің хабарлауынша, қыркүйектегі екі күн толасыз жауған жаңбырдың мөлшері жылдық жауын-шашын деңгейінен асып кеткен. NASA спутниктері 50 жыл бойы кеуіп тұрған әйгілі Ирики көлінің қалай толғанын да түсіріп алған. 

«Осындай қысқа мерзімде жауын-шашынның осыншама көп жауғанын көргенімізге 30-50 жыл болды», - деді Марокко Метеорология басқармасының қызметкері Хуссин Юабеб. 

Метеорологтар сыртқы тропикалық дауыл деп атайтын мұндай жаңбыр алдағы айлар мен жылдарда аймақтың ауа райын өзгертуі мүмкін. 

Бір айта кетерлігі, жауын-шашын Марокко мен Алжирдегі 20-дан астам адамның өмірін қиып, шаруашылық жерлерге зақым келтірген. 

Соңғы жаңалықтар