Толассыз жауын, бұршақ пен аптап ыстық Қазақстанның барлық өңіріне төніп тұр

АСТАНА. KAZINFORM —  «Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Толассыз жауын, бұршақ пен аптап ыстық Қазақстанның барлық өңіріне төніп тұр
Фото: Pixabay.com

— Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон айқындайды. Онымен бірге өткінші бұлтты, ашық ауа райы, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте — шаңды дауыл болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста өте қатты аптап ыстық — 42°С дейін сақталады.

Айта кетейік, жалпы шілде айында Қазақстанда ауа райы күрт құбылатынын жазған едік. Кей өңірде бұршақ, кей өңірде 42 градусқа дейін аптап ыстық болатынын болжанған.

Соңғы жаңалықтар