Төлешовтің Bentley Continental GT көлігі сатылып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында электрондық аукционға шығарылған Тоқтар Төлешовтің көліктері сатылды. Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мамандарының сөзіне қарағанда, азаматтар «Сыра королінің» тәркіленген үш көлігін төмендетілген бағамен сатып алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  
None
None

gosreestr.kz сайтына 50 пайыз жеңілдікпен сатуға қойылған  Төлешовтің көліктердің қатарында 1992 жылғы Mitsubishi GT бастапқы қойылған бағасы  1 млн 083 мың теңге саудаланды. Жол талғамайтын GMC Yukon XL Denali көлігінің алғашқы бағасы 6 527 000 теңгеге және Bentley Continental GT көлігі (бастапқы бағасы  13 703 000 теңге болса) 7 034 326, 57 теңгеге өтті.
null 

Ал ең қымбат деген  Rolls-Royce Phantom көлігі 40 млн теңге тұрса, ол 20 млн теңгеге саудаға шығарылған болатын. Алайда оны алуға бір ғана адам ниет білдіріпті. Сол себепті қымбат көлік  бүгін саудаланбады. Оған қоса 6 016 500 теңгеге сатылымға Chevrolet Suburban көлігіне де алушы табылмады.

Бұған қоса Төлешовтің тағы төрт көлігі (Chevrolet Suburban,  Toyota Camry 2005 ж. және Toyota Camry 2002 ж., Nissan Primera) алушы болмаған соң сатылмай тұр. 

Соңғы жаңалықтар