Толық жанұя балаларды психикалық проблемалардан қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толық емес (анасы немесе әкесі өсірген) немесе асырап алған жанұяда өскен балалар психикалық проблемалардан үш есе көп зардап шегеді.
None
None

The Telegraph хабарлағандай, 10 мыңнан астам баланың қатысуымен зерттеу жүргізілді. Осылайша туған анасының және әкесінің қолында өскен балаларда психикалық мәселе үш есе аз туындағаны белгілі болды.

Лондон Университеттік колледжінің қызметкерлері балалардың жағдайы олардың өскен ортасымен байланысты екенін айтты. Ажырасу немесе отбасындағы үлкен мәселе балаларға кері әсер етеді. Жалпы айтарлықтай психикалық проблема толық жанұядағы балалардың 6,6%-да кездесті. Толық емес жанұяда олардың қатары 15%, ал асырап алған жанұяларда 18,1% болды.

Толық емес (анасы немесе әкесі өсірген) немесе асырап алған жанұяда өскен балалар гипербелсенділік пен іс-әрекеттердегі проблемалардан зардап шекті. Асырап алған жанұялардағы әрбір бесінші бала төбелескен немесе шу шығарған. Атап өту керек, қыздардан гөрі бұл проблема ұлдар арасында көбірек кездесті.

Бала кедей отбасында өссе, онда психикалық кемшіліктерге тап болу қаупі артады екен, деп жазды meddaily.ru.

Соңғы жаңалықтар