Том Леффлер: Альвареспен реванш болмай қалса, басқа жоспарымыз бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер егер мамырда Сауль Альвареспен реванш өткізудің сәті түспесе, Геннадий Головкин үшін қандай жекпе-жек өткізген дұрыс екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Егер реваншты ұйымдастырудың сәті түссе, ол мамырда өтеді. Егер қандай да бір себеппен ол жүзеге аспай қалатын болса, Геннадий келесі жекпе-жегін наурыз-сәуір айларында, тіпті, одан да ерте - ақпанда өткізуі мүмкін. Орта салмақ дивизионы қазір қызып тұр, бұл санатта мықты боксшылар көп. GGG қашан да барлық белдікті жинап алуды қалайды, сондықтан да біздің «Б жоспарымыз» біріктіруші жекпе-жек (Билли Джо Сондерске қарсы) болуы мүмкін. Егер оның да сәті түспесе басқа боксшылар да бар - Риота Мурата Жапонияда үлкен жеңіске жетті, Дэнни Джейкобс қарашада HBO шаршы алаңына шығады, Деметриус Андраде де таяуда ғана жеңіске жетті, сосын Джермалл Чарло бар, ол - Геннадиймен жұдырықтасуға міндетті кандидаттардың бірі. Орта салмақта қазір айтулы жекпе-жек өткізуге кандидаттар көп», - деді Леффлер Ring TV-ге берген сұхбатында.   

Соңғы жаңалықтар