17:18, 25 Маусым 2016 | GMT +5
Том Леффлер: Сондерс Головкинмен байланысқысы келмейді
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - К2 Promotions промоутерлік компаниясының атқарушы директоры Том Леффлер WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің о бастан Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруге шын ниеті болмаған деп санайды. Бұл жөнінде Sports.kz хабарлады.

The Ring журналына берген сұхбатында Леффлер: «Сондерстің Головкинмен шаршы алаңға шыққысы келетіні туралы айтқаны мен келіссөздердің қалай жүргенінен-ақ оның Головкинмен байланысқысы келмейтіні анықтала түсті. Егер ол кішігірім титулдық атақтарды қорғағысы келсе түсінікті. Ал егер әлем чемпионы екеніңді және биікте тұрғаныңды дәлелдегің келсе басқа жолмен жүру керек», - деген.