Тони Блэр Ұлыбританияны ЕО-дан шықпауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрыңғы премьер-министрі Тони Блэр Ұлыбританияны Еуропа одағынан шықпауға(Brexit) шақырды. Ол бұл туралы Sky News арнасына берген сұхбатында айтты.
None
None

«Менің ойымша, Brexit-ке жол бермеу керек. ЕО құрамынан шығу  экономикалық және саяси тұрғыдан айтарлықтай шығындар алып келеді», - деп атап өтті Блэр.

Оның сөзіне қарағанда, экномикалық көрсеткіште айтарлықтай өзгерістер болған. Өткен жылы Ұлыбритания G7 елдері экономикасы ішінде көшбасшы болса, ал қазір төмен көрсеткішке  түсіп, соңғы 50 жылдағы ең төменгі деңгейге жеткен. Мәселен, автомобиль өнеркәсібіне инвестициялау көлемі 30% қысқарған.

Соңғы жаңалықтар