Төңкеріс ауылындағы мұнай-химия зауытында 350 адам жұмыспен қамтылады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданындағы Төңкеріс ауылында салынып жатқан мұнай-химия зауыты алдағы мамыр айында іске қосылып,
None
None

350 адам жұмыспен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық әкімдіктен алынған мәліметтерге сәйкес өңірдегі іргелі өндіріс орнында Аи-92-96 бензині, әуе керосині, дизел отыны өндірілетін болады. Жобаның инвестициялық қажеттілігі 304 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның 20 пайызын «Бақыт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаржысы есебінен қарастырып, қалғаны банктік несиеге негізделген. Жылына екі миллион тонна шикі мұнай өңдеуге бағытталған кәсіпорында озық инновациялық технология кеңінен қолданылмақ. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына 30 миллион АҚШ доллары қарастырылып, өндірістік қолданыстағы суды тазарту, бензин мен газды күкірттен аластау қондырғылары орнатылмақ.

Соңғы жаңалықтар