ТӨРЕҒОЖИН ЗЕЙНОЛЛА СЕЙТЖАНҰЛЫ

Төреғожин Зейнолла Сейітжанұлы (1899-1938) - қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Атбасар уезі Қызылкөк болысында дүниеге келген (қазіргі Ақмола облысы).
None
None

Атбасардағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін, Мұғалімдер курсын, Мәскеудегі сауда академиясын бітірген.

1921-1922 жылдары - Атбасар уездік партия комитетінің хатшысы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азық-түлік жөніндегі комиссардың орынбасары. 1922-1924 жылдары - Ақмола губерниялық жер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе уездік атқару комитетінің төрағасы болған. 1924-1927 жылдары - Ақмола губерниялық кәсіподақ кеңесі төрағасының орынбасары, губерниялық сыртқы сауда бөлімінің меңгерушісі, Қызылжар өлкелік мемлекеттік банк кеңсесі басқарушысының орынбасары, 1927-1928 жылдары Мәскеуде БОАК төралқасындағы Қазақстанның өкілетті өкілі болды. 1930-1931 жылдары -Қазақ жабдықтау халық комиссариатының алқа мүшесі, Қазақ АКСР-і мемлекеттік сауда басқармасының төрағасы. 1931-1935 жылдары - Алматы облысы Іле аудандағы қой кеңшарының директоры, босқыңдарды орналастыру жөніндегі Қазақ АКСР-і ХКК комиссиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Павлодар ауданының қой кеңшарының директоры, Ақтөбе қой өсіру трестінің директоры, 1936-1937 жылдары - Қазақ АКСР-інің кеңшарлар халық комиссарының орынбасары қызметтерін атқарған. 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап. 1957 жылы мамырда ақталған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклпедиясы,8 том.

Соңғы жаңалықтар