Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Торонто турнирі: Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. 

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші ширек финалда кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 13-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, жапониялық Наоми Осакаға тап келді.

Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. 

Бірінші партия 6:4 есебімен жапониялық теннисшінің пайдасына шешілді.

Екіншісінде Елена Рыбакина тай-брейкте есе қайырды — 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасап, өз геймін алды — 5:3. Содан кейін матчты эйспен түйіндеді — 6:4.

Екі сағат 34 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде Рыбакина 14 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Осака 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен таласады. Оның жартылай финалдағы қарсыласы, рейтингіде 14-сатыдағы швейцариялық Белинда Бенчич матчқа қатысудан бас тартты.

Қазақстандық теннисші өткен жылы да жартылай финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Бейбіт Жұқаевтың Астанадағы турнирде Әмір Омархановты жеңгенін жазған едік
Цинциннати мастерс турнирінде Александр Шевченко іріктеу сайысының финалына шықты.