Төрт қазақстандық боксшы әлем біріншілігінің финалына жолдама алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әскери қызметшілер арасында өтіп жатқан 55-ші әлем біріншілігінің кезекті күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша 4 қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды.
None
None

Олар Олжас Байниязов (49 кг), Олжас Сәттібаев (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг) және Бекман Сойлыбаев (60 кг). Ал 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Елдос Сарқұлов жартылай финалда тунистік Аала Шилиден жеңіліп, біріншіліктің қола медалін місе тұтты.

Ал сағат 18:00-де басталатын кешкі сессияда тағы үш қазақстындық боксшы: 75 келі салмақта Бабыржан Момынов, 91 келі салмақта Асқар Абдоллаев және осы салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тағы бір боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев ақтық сынға жолдама алу жолында бақ сынасады.

Бүгін күндізгі сессияда барлығы шаршы алаңға 10 жұп шыққан болатын. Кешкі сессияға да 10 жұп шығады.

Соңғы жаңалықтар