18:58, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Төрт қазақстандық студент Лондон Университетінде өткен емтихан қорытындылары бойынша әлем үздіктері атанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің (ХЭМ) төрт студенті Лондон Университетінде өткен төрт түрлі емтиханнан әлем үздіктері атанды, деп хабарлайды ҚБТУ-дың баспасөз қызметінен.

Осылайша, 4-курс студенті Амантай Кенжеәли (Алматы облысындағы Қарасай ауданының әл-Фараби атындағы гимназияның түлегі) 87 балл жинады. 4-курс студенті Әсел Айтқожина (Алматыдағы №56 мектептің түлегі) 81 балл алды. 3-курс студенті (Ақтау қаласының экономикалық лицейі) Жанна Сидалагиева мен 2-курс студенті Әсел Бексайынова (Талдықорған қаласындағы НЗМ) 97 балдан жинаған.
Лондон Университетінің емтихандарынан жыл сайын әлемнің 180 елінің 60 мыңға жуық студенті өтеді.