Төрт ядролық держава мүше ЕҚЫҰ мемлекеттер арасындағы сенімнің нығаюына ықпал етуі керек - Қ.Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 57 мемлекет, соның ішінде ядролық қаруы бар төрт держава мүше Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы ортақ қауіпсіздік үшін мемлекеттер арасындағы сенімнің нығаюына ықпал етуі керек. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өтіп жатқан «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференция барысында сөз алған ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мəлім етті.
None
None

«Біз қазір өзгерістер мен толқулар заманында өмір сүріп жатырмыз. Жыл сайын адамзат, қарулы қақтығыс, шиеленіс, экономикалық дағдарыс немесе адам саудасы, босқындар мəселесі, есірткі саудасы, ядролық материалдардың таралуы мен қару-жарақ «жарысы» немесе табиғи апаттар сияқты қауіп-қатерді басынан кешіп отыр», - деген Сенат төрағасы мысал ретінде Украинада орын алған жағдайға тоқталды. «Украинадағы дағдарыс бір жағынан осы елдің халқы үшін нағыз трагедияға айналса, екінші жағынан, əлемдегі тұрақтылыққа сызат түсірді. Қазіргі пікірталас БҰҰ-ның Жарғысы мен Хельсински қорытынды актісінде бекітілген негізгі нормалар мен халықаралық құқық туралы принциптерге əртүрлі түсінік беріп жүр. Саясаткерлер мен дипломаттар айтып жүрген пікірді екі жаққа тартатын мəселелер Украинадағы шиеленістен де бұрын басталған еді. Сондықтан, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына бұрынғыдан да зор үміт артамыз. 57 мемлекет, соның ішінде, төрт ядролы держава мүше форум ортақ қауіпсіздік үшін елдер арасындағы сенімнің нығаюына ықпал етуі мүмкін жəне ықпал ете алады да», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар