10:06, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясы ашылды
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Астанада Сенат пен Мәжілістің бірінші бірлескен мәжілісі басталып, онда төртінші шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылғаны жария етілді.
Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов, бірлескен мәжілістің күнтәртібіне екі мәселе: төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуы және Парламент депутаттарының ант қабылдауы туралы мәселелер енгізілгенін мәлім етті.
Парламент палаталарының бірлескен отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысуда.
Сәлден кейін ҚР Президентінің сөйлеген сөзі беріледі.