Төтенше жағдайлар министрі Көксарай су тоспасы құрылысы мерзімінің мүлтіксіз сақталуын талап етті ? Оңтүстік Қазақстан облысы

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мердігер ұйымдардан Көксарай су тоспасы құрылысының мерзімін қатаң сақтауды талап етіп отыр,

Төтенше жағдайлар министрі  Көксарай  су  тоспасы   құрылысы  мерзімінің  мүлтіксіз  сақталуын  талап етті ? Оңтүстік Қазақстан   облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министр кеше нысанда болып, ондағы жұмыстардың барысымен танысты. Жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға 40 шақты құрылыс ұйымы, 750 арнаулы техника, 1 240 маман жұмылдырылған. Дегенмен, бірқатар мердігер ұйымдар жұмыс кестесінен қалып қойып отыр. «Кестеден қатты қалып қойғандар жоқ. Ауа райының салдарынан 10 күнге кейін қалғандар бар», - дейді «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бастығы Тоқтабек Молдабаев. Мердігерлік ұйымдардың басшылары жерасты суларының тым жоғары болғанын айтып, ақталуда. «Бірақ қазір күн жылыды. Сырдария арнасымен де су аз ағуда. Біз суды әдейі ұстап отырмыз, Шардара су қоймасында судың жоспарлы мөлшерден көп қоры жиналып қалды. Ал сәл уақыттан кейін ауыл шаруашылықтары үшін су босата бастаймыз, сонда жерасты суының деңгейі тағы да көтерілетіні анық», - деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов. «Қазір жұмыс нағыз қызатын кез. Күн жылы, осыны пайдаланып барлық техниканы жұмылдырып, жұмысты екі, үш ауысымда ұйымдастыру керек. Жұмысты игере алмай жатқан мердігерлер болса, олардың жұмыс ауқымын қысқартып, атқара алатындарға беру керек. Олар қашан бітіреді деп, бес ай күтіп отыратын уақыт жоқ, олай етуге жол берілмесін», - деді министр В.Божко өз сөзінде. Құрылысы былтырдан бері басталған Көксарай су тоспасын іске қосу - Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қысқы-көктемгі су тасқындары салдарынан жыл сайынғы шығынның көлемін азайтуға айтарлықтай мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталған су тоспасы ауыл шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.