Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Төтенше жағдайлар министрі  Владимир Божко төтенше жағдайлар саласының өкілдерін Отан қорғаушы күнімен және ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығымен құттықтады.
None
None

Министрдің құттықтауын бүгін арнайы салтанатты шара барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров оқып берді.

«Бүгін үлкен мереке. Осы күні біз еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, оның болашағы жолында тер төккен ер азаматтарға құрмет көрсетеміз. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері жеке бастарын тәуекелге тіге отырып, мыңдаған жандарды түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап келді және солай бола бермек. Құтқарушылардың өз қызметтеріне деген осындай адалдығы мен олардың жоғары кәсіби біліктілігі, ержүректігі қазақстандықтардың өз Отанында өздерін емін-еркін сезініп, алаңсыз өмір сүрулеріне жағдай жасап отыр»,-делінген министрдің құттықтауында.

Ведомство басшысы салтанатты жиын барысында төтенше жағдайлар министрлігінің үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар