11:13, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Төтенше жағдайлар министрлігінде комитет және департамент басшылары тағайындалды
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың бұйрығымен ведомство комитеті мен департаменттеріне басшылар тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Министрліктің Мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағалығына Қуат Танысбаев тағайындалды», - делінген ведомствоның хабарламасында.Генерал-майор Диханбек Сатылғанов - Төтенше жағдайлар департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы, полковник Александр Федоренко - Төтенше жағдайларды ескерту департаменті директоры міндетін уақытша атқарушы, полковник Мейрам Ысқақов ? Азаматтық қорғаныс департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалып отыр. Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің директорлығына ? Сырым Ғаббасов, Экономика және қаржы департаментінің директоры қызметіне Ольга Лисина отырды. Ақпараттандыру және байланыс департаментінің директоры міндетін уақытша атқарушы болып Владимир Гудзловенко, Әкімшілік жұмыстар департаментінің директоры болып Еркеғали Алдоңғаров, Материалдық-техникалық жабдықтау және активтер департаментінің директоры қызметіне Жандос Ілиясов, Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің директоры болып Нұрбек Құнанбаев тағайындалды.