Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Төтенше жағдайлар саласының құтқарушылары өткен жылы 78 млрд теңгенің мүліктерін аман алып қалды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Төтенше жағдайлар саласының құтқарушылары өткен жылы азаматтар мен ұйым, мекемелердің құны 78 миллиард теңге болатын мүліктерін аман алып қалған.

Төтенше жағдайлар саласының құтқарушылары өткен жылы 78 млрд теңгенің мүліктерін аман алып қалды

Бұл мәліметтермен бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің 2011 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Владимир Божко таныстырды.

 Оның деректерінше, соңғы уақытта еліміздің өрттен-құтқару қызметтерінің кәсіби біліктілігі айтарықтай өсе түсті. «Өткен жылы құтқару қызметтерінің күшімен республикада 59 мыңнан астам жедел шаралар жүзеге асырылып, 6 мың 980 адам өрт пен өзге де түрлі төтенше жағдайлардан аман қалды. Сондай-ақ төтенше жағдай орын алған аймақтардан 8 мың 26 адам көшіріліп, 2 мың 118 адамға медициналық-психологиялық көмек көрсетілді. 14 мың 599 өрт сөндіріліп, азаматтар мен ұйым мекемелердің құны 78 миллиард теңгені құрайтын мүліктері аман алынып қалды»,-деді министр.

 Сондай-ақ оның мәліметтері бойынша, 2010  жылмен салыстырғанда 2011 жылы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 16,2 пайызға кеміп, кісі өлімі 18,9 пайызға азайды. «Бұл өте жақсы көрсеткіш»,-деді В.Божко.