09:50, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Toyota ақау шыққан 1,43 миллион автокөлігін кейін қайтарып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota Motor Corp әлем бойынша 1,43 миллион Prius және Lexus CT200h гибридтік автомобильдерін қайтарып жатқанын мәлімдеді. Бұған қауіпсіздік «жастығында» ақау болу мүмкіндігі себеп, деп хабарлады Reuters.

2010-2012 жылдары шығарылған көліктер қайтарылатыны айтылды. Ондағы қауіпсіздік «жастықтарында» аздаған сызаттары болуы ықтимал.
Қауіпсіздік «жастықтарының» өндірушісі Takata компаниясы болмаған 482 мың америкалық автомобиль қайтарылады.