Toyota қозғалтқышының істемей қалу қаупіне байланысты 127 мың көлікті кері қайтармақ
АСТАНА. KAZINFORM – Toyota компаниясы қозғалтқышы аяқ астынан өшіп қалып, жол апаты қаупін тудыру мүмкіндігіне байланысты 126 691 көлікті АҚШ-тан кері қайтармақ, деп хабарлайды CBS News.
Трассадағы қозғалыс қауіпсіздігін басқару ұлттық орталығы (NHTSA) 6 қарашада өндіріс кезінде механикалық өңдеу қалдықтарының алынбай қалуы мүмкін екендігі туралы мәлімдеді. Ал бұл қозғалтқыштың көлік жүріп келе жатқанда тоқтап қалу қаупін тудыру мүмкін.
Ақауы бар көліктерге Toyota Tundra (2022–2024 жылғы үлгі), Lexus LX600 (2022–2024 жылғы үлгі) және Lexus GX550 (2024 жылғы үлгі) жатады.
Toyota компаниясы осы ақпарат туралы хатты көлік иелеріне почтамен 22 қарашада жолдамақ, жөндеу жұмыстары тегін болады.
Осыған дейін Hyundai қауіпсіздік белдігіндегі ақауға байланысты 568 мың автокөлікті кері қайтаратыны туралы жаздық.