Toyota-ның акциялары ақауы бар машиналарды қайтарып алуға байланысты күрт төмендеді
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Toyota әлемдегі ең ірі автомобиль компаниясының акциялары он ай ішінде рекордтық төмен құнына дейін құлдырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Акциялардың мұншалықты төмендеуі газ педаліндегі проблемаларға байланысты сегіз миллионнан астам машинаны қайтарып алған компания автомобильдерінің қауіпсіздігіне орай алаңдаушылықтан орын алды. Сарапшылардың болжамдауынша, бұл 2 миллиард АҚШ долларына түсетін көрінеді.