Toyota жүргізушісі Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас жүргінші көліктің астына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шетел көлігі Сейфуллин даңғылының бойында жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Куәгірлердің сөзінше, Toyota Camry даңғыл бойымен оңтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Бір уақытта көліктің алдына кенеттен жаяу жүргінші шыға келген. Жүргізуші тежегішті басып үлгергенімен көліктің екпінімен келіп, жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам көліктің үстінен асып барып жерге құлаған.

Денесінің көптеген жері сынып, басы жарылған азамат жақын жердегі ауруханаға жеткізілген. Сол сәтте оның жағдайы ауыр болатын.

Куәгерлердің сөзінше, жаяу жүргінші мас болған.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар